Головкин спорттық карьерасын қашан аяқтайды?
Головкиннің ниеті болса болды, дейді боксшының бапкері
АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының қашанға дейін рингке шығатынын айтты, деп хабарлады Sports.kz.
«160 фунтта қала ма, әлде 168-ге ауыса ма, көреміз. Әлі екі-үш жылы бар, осы уақытта жақсы нәтиже көрсете алады… Әйтеуір, өзім соны қалар едім. Бастысы, әрі қарай жаттығып, тер төгуге ниеті болса болды», — дейді Санчес сұхбатында.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы соңғы рет қыркүйек айында жұдырықтасып, ол кезде мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілген болатын.
Бұл GGG карьерасындағы бірінші жеңілісі болды. Бұған дейін Геннадий Головкиннің рингке қашан оралатынын хабарланған еді.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/