Головкин Муратаны нокаутпен жеңді

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) болған айқаста жеңіске жетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты

Сайтамадағы (Жапония) IBF және IBO тұжырымдары бойынша өткен бокс кеші орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің пайдасына шешілді.

Ол WBA суперчемпионы белбеуінің иегері, жапондық Риота Муратадан басым түсті.

Total Sport сайтының хабарлауынша, GGG жапон боксшысы Риота Муратамен жекпе-жегі үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алады. Бұл шамамен 12-15 млн доллар.

Геннадий Головкинді айқын жеңісімен құттықтаймыз!