Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек кейінге қалды: Отандасымыз пікір білдірді

0
256

  IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super титулының иегері Риота Муратамен өтуі тиіс жекпе-жектің кейінге қалуына байланысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы отандасымыз Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. «Жапониядағы жекпе-жектің кейінге қалдырылғанына қатты қынжылып отырмын. Алайда адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында болуы керек. Мен шаршы алаңға мүмкіндігінше тезірек оралатын уақытты тағатсыздана күтетін боламын. Өздеріңізді күтіңіздер», — деді Генадий Головкин.

Айта кетейік, осыған дейін ESPN инсайдері Майк Коппинджер орта салмақтағы әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлаған еді. Оның мәліметінше, бұған коронавирустың жаңа «омикрон» штамының таралуына байланысты Жапония шекарасының жабылуы себеп болып отыр. Осылайша, WBA Super, IBF және IBO титулдары сарапқа салынатын жекпе-жек кейінге қалған.