Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі: DAZN кездесудің уақытын таңдады  

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

WBO чемпионы Билли Джо Сондерс Сауль «Канело» Альвареспен кездескісі келетінін хабарлады. Екі боксшының өкілдері алдын ала келіссөздер өткізген

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс Сауль «Канело» Альвареспен кездескісі келетінін хабарлады. Ол бұл жекпе-жек үшін жартылай ауыр салмаққа көшуге дайын. Сондай-ақ, Деметриус Андрейдпен жұдырықтасу үшін өзінің бұрынғы салмағы 72,6 келіге келе алатынын жеткізді. Бұл туралы Сондерс DAZN стримингтік қызметі жетекшілігімен кездесуде айтты.

DAZN комментаторы Крис Манникстің айтуынша, Сондерс пен «Канелоның» өкілдері алдын ала келіссөздер өткізген, деп хабарлайды Sports.kz.

Тағы оқыңыз: Головкинге рингке шығуға неге тыйым салынды?

Алайда DAZN Сауль Альварес мамыр айында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуі тиіс деп отыр.



sputniknews.kz