Головкин мен Деревянченко жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеулері үшін таласады, жекпе-жек астана уақытымен таңғы тоғыздар шамасында басталмақ

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) және украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің салмағы — 159,2 фунт (72,21 келі), ал Деревянченконың салмағы — 159 фунт (72,12 келі). Жалпы орта салмақтың лимиті 160 фунтті (72,574 келі) құрайды.

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегі 6 қазан кні таңертең Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеулері үшін таласады.

Қазақстанда көптен күткен жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Бұл жекпе-жек астана уақытымен тоғыздар шамасында басталады.



sputniknews.kz