Головкин мен DAZN келісімі сынға ұшырады

0
56

Оның жасы 36-да, сол себепті мұндай келісім шынымен де таңғаларлық.

Супер орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Калеб Труакс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшартын ақылға қонымсыз деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен оның үш жылдық келісімшарт жасасқанына таң қаламын. Оның жасы 36-да, сол себепті мұндай келісім шынымен де таңғаларлық қой. DAZN-ның да мұндай ұзақ мерзімге келісімшарт жасағаны қызық екен», – деді Труакс Express.co.uk-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшарты үш жылға арналған. Бұл мерзімде ол әр жыл сайын екеуден – барлығы алты жекпе-жек өткізеді.

Алғашқы кездесу маусымда болады, алайда қарсыласының есімі мен жекпе-жек уақыты әзірге жарияланған жоқ.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz