Головкин келесі жекпе-жегін Брэндон Адамсқа қарсы өткізетін болды

0
115

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы мен жекпе-жектің уақыты белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин осы жылдың 8 маусымында рингке оралады, деп жазды Worldboxingnews.net халықаралық спорт басылымы.

Расталмаған мәлімет бойынша, GGG-дің қарсыласы The Contender («Үміткер») жобасының жеңімпазы 29 жастағы америкалық Брэндон Адамс болады.

Қазір тараптар бокс кездесуінің орнын таңдау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Головкиннің көптен күткен жекпе-жегі Нью-Йоркте өтуі мүмкін. Сондай-ақ дереккөздер боксшылар Сан-Антонио, Лас-Вегас және Лос-Анджелес қалаларының бірінде кездесуі ықтимал екенін жоққа шығармайды.

 Алдағы кездесу Геннадий Головкин үшін DAZN стримингтік сервисімен үшжылдық келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.

Қыркүйекте Головкиннің орта салмақтағы WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші кездесуі жоспарланып отыр.

Геннадий Головкин DAZN телеплатформасымен осы жылдың наурыз айының басында келісімшарт жасады.



sputniknews.kz