Головкин келесі қарсыласын жариялап, Канеломен трилогия туралы сұраққа жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Sports Illustrated басылымына берген сұхбатында келесі қарсыласын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясынан кейін бокс қайта жанданғанда, Головкин IBF бойынша міндетті бәсекелесі Камил Шереметамен кездесуге ниетті. Бұл туралы боксшы орта салмақтағы WBA (Super) және WBA (Franchise) және орта салмақтағы WBA (Regular) титулдарының иегері мексикалық Сауль Канело Альварес келесі қарсыласы бола ма деген сұраққа жауап бере отырып айтты.

«Мен коронавирус пандемиясы туындағанға дейін міндеттеме алдым. Менің Шереметамен жекпе-жегім болады. Мен өз сөзімде тұруға ниеттімін. Бәрі қалыпына келгенде, мен алдымен осы жекпе-жекті өткізгім келеді», — деді Головкин.

Сондай-ақ, қазақстандық  мексикалық екеуінің арасындағы үшінші жекпе-жектің неге әлі болмағаны туралы түсіндірді. «Айта кету керек, әрқашан екі жақ бар. Олар қыркүйекте бұл жекпе-жектен құтылып кетті. 2020 жылы мамыр айында да жекпе-жекке шыққысы келмеді. Сондықтан мен өз жолыммен жүрдім. Менің жеке мансабым бар және мен: қашанға дейін күтуім керек?», — деді Головкин.

Головкин мен Шереметтің соңғы жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте өтті. Басты шарада қазақстандық бірауыздан украиндық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі атаққа ие болды, ал Шеремет қол астындағы мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсіріп, АҚШ-та сәтті өнер көрсетті.

stan.kz