Головкин Канеломен жекпе-жектен кейінгі ойын айтты

0
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

«Канелоның қолын алып, оның командасын құттықтауды қалаймын. Ол нағыз жауынгер. Мұны түсінбеген адам, боксты да түсін», — деді Головкин рингте.

Қос боксшы арасындағы трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп, 12 раундқа созылды, төрешілер шешімімен Канело жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, боксшылар Лас-Вегаста 2017 және 2018 жылдары кездескен болатын. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, ал екіншісі мексикалықтың пайдасына шешілді.