Головкин — «Канело» арасындағы үшінші кездесудің мерзімі айтылды — новости Казахстана

Boxingnews24 журналисті Шон Джонс Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойяның Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегі туралы сөздеріне қатысты өз ойын білдірді деп жазады Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: Sports.kz
Де ла Хойя Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жектің нақты болатынын мәлім етті.
Бірақ, ол кездесудің қай күні болатынын айтқан жоқ, деп бөлісті Джонс.
«Егер Головкин зейнетке шықпаса, ол «Канеломен» жекпе-жекке шығу үшін 2020 жылды күтуі әбден мүмкін.
Егер сол кездесу өтсе, бұл 38 жастағы Головкинға қарсы айқас болады», — деп жазды автор.
Еске сала кетсек, Головкин мен «Канело» арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталған, ал қарымта кездесуде төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жеңіс мексикалық спортшыға берілген.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz