«Голливудтық жұп»: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқановаға ел тамсанды (фото)

0

Мөлдір Мұқанова желіде күйеуі Тұрсынбек Қабатовпен түскен жаңа фотосын жариялап, ел назарын өзіне аударды. Қалың көпшілік жұлдызды жқпқа тамсана қарап, оларға жылы лебізін жаудырған, деп жазады Kznew.kz тілшісі.

Мөлдір Мұқанова аталмыш суретті Instagram парақшасында бөлісті. Онда қара түсті киім киіп алған ерлі-зайыптының қол ұстасып келе жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа тәнті болып, оларға өз ыстық ықыласын білдірген. Оқырмандар қауымы Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованы голливудтық жұпқа ұқсатты. Кейбірі оларды әйгілі Дэвид пен Виктория Бекхэммен салыстырды.

«Мына фото шетел болып тұр», «Өте жарасымды жұп», «Нағыз голливудтық жұп секілді», «Әлемдік жұлдыздар секілді», «Виктория мен Дэвидке ұқсап қалыпсыздар», «Қазақша «Мистер мен миссис Смит», «Күзеетшісі сияқты болып қалыпты», «Түрлеріңіз құдды Голливуд киносына түсетіндей», — деп жазуда желідегілер.