Голливудтық фильмдерді Қазақстанда прокаттау мәселесі жақында шешілетін болады – Мәдениет министрлігі

0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаевтың төрағалығымен еліміздегі киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялардың басшылары қатысты. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Голливудтың үш студиясы – Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынуды жалғастырады.

Walt Disney Company және Sony компанияларымен отандық кинопрокатшылар ҚР МСМ қатысуымен тікелей келіссөздер жүргізуде. Тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ.

Келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан әрі жұмысының басқа да егжей-тегжейі туралы қосымша хабарланады.