Голливуд актері Дуэйн Джонсон үйленді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Атақты Голливуд актері екі қызының анасымен некелесті

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Голливуд актері Дуэйн Джонсон (Dwayne «The Rock» Johnson) әнші Лорен Хашьянмен (Lauren Hashian) отау құрғанын мәлімдеп, үйлену тойының суреттерін жариялады. Бұл туралы Independent басылымы хабарлайды.

Дүйсенбі күні америкалық актер Instagram парақшасында Гавай аралында өткен үйлену тойының фотосын жариялапты.

Суретте жас жұбайлардың бақыттан жүздері бал-бұл жанып тұр.

Джонсон некелесу рәсіміне ақ шалбар мен ақ жейде киіп, мойнына дәстүрлі гавай алқасын тақса, әнші Лорен Хашьян көздің жауын алатын гүлдермен безендірілген қалыңдық көйлегін киіпті.

Тағы оқыңыз: Танымал қазақ режиссері үйленді — фото

Жұлдызды жұп 2006 жылы фильм түсірілімі кезінде танысып, содан бері көңіл қосқан. Дуэйн Джонсон мен Лорен Хашьянның екі қызы бар: үш жасар Жасмин мен бір жасар Тиана.



sputniknews.kz