«Гипноз пайдаланады»: халық Айнұр Тұрсынбаеваны не үшін айыптады?

0

Smart News басылымының хабарлауынша, халық Айнұр Тұрсынбаеваның өткізетін онлайн және офлайн сабақтарын сынға алды. Тіпті Тұрсынбаеваны «гипноз пайдаланады» дегендер де болды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы пікірлер жазылған скриншот суреттер жариялады.

Әлеуметтік желіде психологты сынағандар Тұрсынбаеваның сабағына қатысатындарды «ақымақтар» деп кінәлады.

«Айнұрдың сабағына қатысатын бір келіншектен сұрадым. Базарда тауық сататын еді өзі. «Ал қатыстың не өзгертесің?» деп, «Мен де солай Айнұр сияқты тренинг өткізіп ақша тапсам» дейді. Екі жыл болды, әлі тауық сатып тұр. Қаншама ақшасы босқа кетті… Мен айттым Айнұр сияқты «үш еркекті алдап, байға шыққан опытың болу керек, қыздарды алдау үшін тілің тәтті болу керек». Ол айтыста үйренген жобалап айтып», — дейді бір оқырман.

Ал бірі Айнұрдың айтуымен өмір өзгермейді дейді.

«Біреудің айтуымен өз өмірімді өзгертемін деген ақымақтық. Ақшасы көп ақылы жоқтық. Өз басы өз қамын ойлай алмай ма? Заман не болып барады?», — деді оқырман.

Еске сала кетсек, Айнұр Тұрсынбаева үнемі тоқтаусыз тренингтер, ретриттер мен марафон, вебинарлар ұйымдастырып отырады.