Ғибадатханада жарылыс болып, 3 адам қаза тапты

0
Ғибадатханада жарылыс болып, 3 адам қаза тапты


Тағы он адам жарақат алды.

Дұға оқылып жатқан кезде бетперде киген екі адам граната жарып жіберді. Үндістанда ғибадатхана ішіндегі жарылыстан үш адам қаза тауып, тағы оны зардап шекті.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, Амритсар қаласы маңындағы Раджанаси ауылында қайғылы оқиға болған. Екі ер адам бетперде киіп, мотоциклмен келіп, діни рәсім өтіп жатқан ғимаратқа граната лақтырған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Дереккөз: Sputnik