GGG Мессимен кездесіп, қолғабын сыйлады — Бокс

0

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин Аргентина мен Барселона құрамаларының шабуылшысы Лионель Мессимен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы кездесу барысында футболшыға өзінің қолғабын сыйлады. Айта кетейік, олар Барселонада ортақ демеушілері — әлемдегі алғашқы Finney блокчейн-смартфонының таныстырылымында кездесті. 

Осыған дейін Головкиннің бала кезінде футболмен айналысқаны жайлы айтылған болатын. Қазақстандық боксшы 2016 жылы «Вест Хэм» футболшылары, бапкерлері және басшыларымен кездесіп, ағылшын командасының матчтарының бірін тамашалаған болатын.