Германияның Қазақстандағы елшілігінде мысық кеңесші қызметіне тағайындалды – Қазақстан жаңалықтары

0
55

Германияның Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінде «Кокос» есімді мысық кеңесші лауазымына ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мысық

Бұл туралы Германия елшілігінің Facebook парақшасында жарияланды.

«Қазақстандағы басқа да ұйымдар секілді Германия елшілігінің қызметкерлері COVID-19-дың таралуын алдын алу үшін үйлерінен жұмыс жасауда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар үй жануарлары коронавирус жұқтырмайтынын анықтап отыр. Сол себепті біз елшіліктің қызметін өзгертуге бел будық.

Енді елшілікте қалған қызметкерлермен бірге бірнеше мысық мекеменің жұмысын қадағалап отыр. Тіпті Кокос есімді мысық еңбексүйгіштігінің арқасында елшіліктің кеңесшісі лауазымына ие болды», – деп қосты елшілік өкілдері.

Бүгін 1 сәуір күлкі күнін ескере кетейік. Мүмкін елшілік қызметкерлері 

stan.kz