Германияның қаржы министрі коронавирусқа байланысты өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін

0

54 жастағы саясаткер қайтыс боларының алдында хат қалдырған. Бірақ онда не деп жазылғаны әлі хабарланбады

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Гессенің қаржы министрі Томас Шефер сенбі күні қайтыс болды. Оның денесі Майндағы Хоххайм қаласының темір вокзалы маңынан табылды. Полиция суицид туралы болжамды жоққа шығармайды.

Frankfurter Allgemeine Zeitung газетінің хабарлауынша, Шефер қайтыс боларының алдында хат қалдырған. Бірақ онда не деп жазылғаны әлі хабарланбады.

Оқи отырыңыз: Германияда қазақстандық дипломаттың әкесі коронавирус жұқтырды – СІМ

Томас Шефер әркез қоғам алдына шығып сөйлеген сайын, коронавирустан туындаған дағдарысқа байланысты Германия үкіметі қаржылық көмек көрсетіп жатқандығын бірнеше рет мәлімдеген.

Ал Гессен губернаторы Фолькер Буфье Шефердің өлімін коронавирустық инфекциямен байланыстырды.

«Ол әрдайым халықтың үмітін, әсіресе, қаржылық көмек тұрғысынан ақтай аламын ба деп ойланатын. Шефер одан шығудың жолын көрмеді, сондықтан ол бізді тастап кетті. Бәріміз де есеңгіреп қалдық», – деді Буфье.

Шефер Германияның Христиан-демократиялық одағының мүшесі болды. Ол шамамен 10 жыл Гессенің қаржы министрі болды.



sputniknews.kz