Германияда қылыштан өлген адамның Қазақстанға еш қатысы жоқ – СІМ
Қысқа сілтеме алу
Немістің Штутгарт қаласында ер адамды қылышпен шауып өлтірді, марқұмның Қазақстанда туғаны хабарланған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз — Sputnik. Германияда қылышпен шауып өлтірілген адамның Қазақстанға еш қатысы жоқ, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Штутгарт қаласында Қазақстаннан шыққан азаматты көршісі, Сирия азаматы өлтіргені туралы мәлімет жарияланды.
«Неміс полициясының Қазақстанның Франкфурт-на-Майнедегі Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, қайтыс болған азаматтың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ», — деп түсініктеме берді министрлік.
Stutgarter Nachrichten мәліметінше, қылмыскер Германияда төрт жыл бойы ойдан шығарылған атпен өмір сүрген. Ол көші-қон полициясында 28 жастағы Сирия азаматы Исса М. ретінде тіркеліпті.
Тағы оқыңыз: Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық не жағдай болғанын айтып берді
Дегенмен, өзге мәліметтер бойынша, ер адам 30 жаста және Палестинадан келген.
Күдікті суық қаруды қолына алғанға дейін: «Сен не істедің?» деп айқайлаған. Басылым екеуі жалдамалы пәтерде бірге тұрғанын хабарлады. Олардың арасында жанжал шығып, марқұм танысынан көшіп кетуін талап еткен, бұл сөзге көршісі қатты ренжіген болса керек.
sputniknews.kz