Германияда Қазақстан азаматынан коронавирус табылды – министр

0
13

Бұған дейін үш қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын. Олардың екеуі Алматыға, біреуі Нұр-Сұлтанға шетелден ұшып келген

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германияда тағы бір қазақстандықтан коронавирус анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Иә, бізде Германияда бір Қазақстан азаматының ауырып қалғаны туралы ақпарат бар. Сосын өзіміздегі үш азаматтан коронавирус табылды. Барлығы – Қазақстан азаматтары», – деді Біртанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық министрі бүгін түнде Германиядан келген ұшақтың барлық 12 жолаушысы карантинге жатқызылғанын хабарлады. Олардың біреуінен коронавирус табылды. Ал 9 наурызда Қазақстанға Германиядан жолаушылар ұшағы кірген.Бортта 73 жолаушы болған. Бір адамнан коронавирус анықталды.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі коронавирустан қалай емделуге болатынын айтты 

Індетті жұқтырған үшінші қазақстандық 12 наурызда Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға ұшып келген.



sputniknews.kz