Германияда ереуілге байланысты жүздеген рейс бөгелді
Бейсенбі күні Германияның үш әуежайында қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуіліне байланысты жүздеген рейс бөгелді. Соңғы дерек бойынша, Дюссельдорф әуежайында – 350, Кельн/Боннда – 130-дан астам, ал Штутгартта 500 шақты рейс уақыты кейінге шегерілген. Ереуілшілер жалақыларын көбейтуді талап етіп отыр. Бұған дейін осыған ұқсас акциялар Берлиндегі әуежайда да болған. Жұмысшылар ереуілі 11 қаңтарға дейін жалғасады. Акцияға байланысты жолаушыларға әуежайға ертерек келуге, рейстері жайлы ақпаратты алдын ала біліп отыруға кеңес берілген.
Дереккөз: Азаттық