Германияда денесі табылған экс-судьяның күйеуі қызымен бірге Ресейге көшіп кеткен

0

Германияда өлі күйінде табылған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі қызымен бірге Ресейге көшіп кеткен. Қыз екі аптада Ресей азаматтығын алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі «ТВ Центр» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл жазда қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның Германияда жоғалып кеткенін айтылды. Бұған дейін ол достарына күйеуі Александр Донцовтың өзін ұрғанын айтқан. Сайлыбаеваның отбасы сыртқы істер министрлігіне көмек сұрап жүгінген. 17 маусымда неміс полициясы Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германияның Бенсхайм қаласының шетінен полиэтилен пакетке оралған күйде табылғанын жариялады. Тергеушілер қазақстандық әйел кісі қолынан қаза тапқан деп есептейді. Істі 35 маман тергеп жатыр.

Қазір Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцовтың өзі туған Ресейге көшіп кеткені белгілі болды.

«Мен Германияға тұрақты көшу мүмкіндігін ешқашан ойлаған емеспін. Мен әрқашан Мәскеуге оралып, Ресейде өмір сүргім келді. Бұл отбасымызды одан әрі қолдаудың соңғы үміті болды», – деді Донцов сұхбатында.

Марқұм әйелдің күйеуі «ішкі істер министрлігінің жедел жұмысының арқасында» қыздың екі аптадан кейін азаматтық алғанын айтты.

«Ресей Ішкі істер министрлігі бас басқармасының басшылығы отбасын бұзбау және қиындық тудырмау үшін көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бүгін біз Александрға қызының азаматтық алғаны туралы куәлікті табыс еттік. Қазір бала Ресей Федерациясында балалардың барлық құқықтарын пайдаланады», – деді ІІМ Мәскеу қалалық бөлімшесінің азаматтықты қарау бөлімінің басшысы Алексей Катков.

Сонымен бірге баяндамада Донцов қызының жоғалған әжесі, 49 жастағы Наталья Донцова туралы ештеңе айтқан жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы мәліметі бойынша ол Сайлыбаевамен бір күнде жоғалып кеткен. Содан бері ол туралы жаңа ақпараттар қоғамда пайда болған жоқ. Жазда хабарсыз кеткен Наталья Донцованың 2018 жылы ресейлік ЛДПР партиясына өткенін, содан кейін Мәскеу мэрлігіне үміткер болғанын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Германияда тұратын қазақстандық әйел із-түссіз жоғалып кеткені туралы жазған едік. 17 маусым күні әйелдің денесі қала шетіндегі карьерлердің бірінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте оралған күйде табылған.