Германияда алапат құйын жүріп өтті
Екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Германияның Аахен қаласында алапат құйын көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Салдарынан 30 үй қирап, бүлінді. Құтқарушылардың айтуынша, апаттан қаза тапқандар жоқ. Екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Құйын ағаштарды тамырымен жұлып құлатып, ондаған көлікті басып қалған. Қазір жергілікті мектептердің бірінде уақытша орналастыру пункттері құрылды. Синоптиктердің болжамынша, жақын арада өңірде тағы құйын жүруі мүмкін.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz