Германия шығыс еуропалық ревизионизмге неге қарсы шықты

0

Германияның сыртқы істер министрі Хейко Маас екінші дүниежүзілік соғыс тарихын жазған шығыс еуропалық әріптестерін қатты сынға алды

Алайда, олар мұны тарихқа немесе Ресейге деген сүйіспеншіліктен жасамағаны анық. Ал мұндай әрекет Берлинде агрессивті еуроскептицизмдік көзқарас қалыптастырады деген қауіп бар, деп жазады Ресей қаржы университеті, саясаттану кафедрасының доценті Геворг Мирзаян.

Берлиннің көмегі

Өркениет тарихындағы ең үлкен зұлымдықты жеңудің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында әртүрлі шығыс европалық ревизионистер алға шықты. Өз элиталарының соғысты бастауға деген жауапкершілігін мойындағысы келмейтіндер – тіпті өздерін жеңілген фашистердің идеологиялық ұрпағы санайды және тарихты қайта жазғысы келеді.

Польшадағы белсенділер КСРО – құрбан емес, Екінші дүниежүзілік соғыстың бастамашысы дейді. Ал Балтық жағалауы елдерінің зиялылары өз жерін зұлым Кеңес Одағы басып алған деп санайды. Сондай-ақ, украин ұлтшылдарымен бірге Гитлердің серіктестері – ауылдарды адамдармен бірге өртеген жазалаушы СС батальондары құрметке ие.

Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас (атақты неміс тарихшысы Андреас Виршингпен бірлесіп жазған) «Шпигель» басылымында өз елінің фашистік тарихына көзқарасы туралы мақала жазды. Фашистік қылмыстар үшін неміс басшылығына стандартты өкініш білдіруден басқа, Хайко Маас шығысеуропалық жолдастарының тарихты қайта қарау әрекеттеріне қатысты пікір білдірді.

«Тарихты қайта жазуға қатысты соңғы бірнеше айдағы абройсыз әрекеттер бізден қандай да бір нақтылауды талап етеді. Жалпы алғанда өзгермейтін тарихи фактілерге байланысты мұндай қадам қажет емес. Германия жалғыз өзі Польшаға шабуылымен Екінші дүниежүзілік соғысты бастады.

Холокост қылмысына тек Германия жауапты. Кім бұған күмән келтіріп, қылмыскер рөліне басқаларды таңдаса, ол құрбан болғандарға әділетсіздік жасап, тарихты пайдаланады және Еуропаны бөледі. Неміс тарихының өткенін ұтымды ойлау ұлттық мифтермен алмастыратын ревизионизмнің қауіптілігін көрсетеді», – деді Маас.

Министр оқиғаны айналып өтпеуге, сондай-ақ «зардап шеккендерді шабуыл құрбандарына, ал қылмыскерлерді агрессорға айналдыруға тырыспауға» шақырды.

Болжам дұрыс болмай шықты

Мұндай шынайылықтың мәнісі, көптеген неміс депутаты Еуропа парламентінің Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты Германияға да, КСРО-ға да кінәлау туралы қарарына мойынсұнып дауыс беруімен байланысты болса керек. Мақалада ішінара солшыл сенімдегі социалист, католиктік Маастың жеке көзқарасы көрсетілген. Солай десек те, министр өз сөзінде Германияның ұлттық мүдделерін ерекше атап өтеді. Ол шығысеуропалық ревизионизм мен оның негізінде қалыптасуға орын жоқ екенін айтады.

Германия үшін нацистік өткенді теріске шығару, тек өзін-өзі кінәлау ғана емес, сонымен қатар Еуропалық Одақ тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.»Біздің идеямыз күшті және біртұтас Еуропаның адам құқықтарын адами құндылықтардың әмбебап нысаны ретінде қолдау мен халықаралық ынтымақтастық ережелерге негізделген. Ал «ерекше жолдан» бас тартуымыз – Холокостта өзінің ең өрескел көрінісін тапқан Германияның ХХ ғасырдағы бұрын-соңды болмаған қылмыстар туралы хабардар болуына ықпал етті», – дейді Маас мақаласында. Осы бас тарту болмаса, Берлинге жалпыеуропалық жобаны жүргізу қиынға соғар еді.

Әлем экономикасы және халықаралық қатынастар институтының аға ғылыми қызметкері Дмитрий Офицеров-Бельский: «Маас, Германияның әлемдегі  серіктестері экономикалық негізде салынғанына қарамастан ІV Рейхтің қауіп-қатері туралы ойланбауға мүдделі», – дейді.

Бірақ соңғы уақытқа дейін Берлинге шығысеуропалық елдердің  ревизионизмнің өсуін бақылап отыруына ешқандай кедергі болмады. Тіпті, Германияда (жалпы батыста сияқты) осындай пікірлерді қолдап, «қолтырауындарды» көбейтіп Мәскеуге қысым жасау арқылы, ресейлік ықпалды тежеу ойластырылды.

Жоспар жүзеге асты. Балтық жағалауы мемлекеттері ресейге қарсы сенімді тірек болды. «Галичина» СС дивизиясының құрбандыққа айналуы мен бандеровшылардың Киев пен Мәскеуді ажыратуы, Ресейге қатысты Польша мен Шығыс Еуропаның басқа елдерінде үнемі кездесетін тарихи жанжалдар шығыстағы көршімен екіжақты қатынастарды қалыпқа келтіруде едәуір тосқауыл болды.

Алайда, шығысеуропалық ревизионизм негізінде шығысеуропалық ұлтшылдық өсті және бұл тек Ресейге ғана қауіп төндірмейді. Бұл құбылыс еуропалық интеграцияның мәніне қайшы келеді, сонымен қатар (мысалы, Польша жағдайында) антигермандық екпін бар.

Поляк, венгр және басқа да ұлтшылдықтың өсуі азаматтық ұлт тұжырымдамасына негізделген антинационализмге, Еуропалық Одақтың болуына тікелей қауіп төндіреді. ЕО-да болып жатқан дағдарыс оқиғалары (Брекзит, коронавирустық індет кезінде ұлттық жауапкершіліктен қашу), тек шығысеуропалық ұлтшылдық ревизионизмінде тәрбиелену Еуропаны ұсақ ішкі күйзеліс дәуіріне қайтаратын трояндық атқа айналу қаупін арттырады.

Бұл оқиғалар ЕО-ны қайтадан бір-бірімен қақтығысатын елдерге, соның ішінде аумақтық мәселелерге де алып келеді (ревизионизмнің тағы бір мұрасы – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін белгіленген шекаралар бәріне бірдей ұнай қоймады).

Сондықтан германиялық сыртқы істер министр бұл соғыс өткеннен болашаққа өтіп шығыспен емес, батыспен бірге жүре бастағанға дейін Шығыс Еуропаның Ресеймен тарихи соғыстарын қысқарту уақыты келді деп ойлайды.

Автордың пікірі редакция ұстанымын білдірмейді



sputniknews.kz