Германия қалашығында бір тонна еріген шоколад көшеге ағып кетті
Өндіріс апаты салдарынан көшеде алып шоколад «плиткасы» пайда болды
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Верль атты неміс қаласында шоколад фабрикасындағы апат салдарынан бір тонна еріген тәтті өнім көшеге ағып кетті.
PNP басылымының хабарлауынша, сұйық шоколадты сақтайтын резервуардан ақау шыққан екен. Кәсіпорын иелері осы аптада фабриканы қайта іске қосуға үміттеніп отыр.
Көшеге аққан шоколад он шаршы метр жерді алып, қатып қалды. Өрт сөндірушілер алып «плитканың» ыстық су құйып, от жағып ерітіп, артынша көшені күрекпен тазалады.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/