Германия азаматы ИМ-ге мүше болғаны үшін бес жылға сотталды

0

32 жастағы Германия азаматы «Ислам мемлекеті» террористік тобына мүше болғаны үшін бес жылға сотталды. Германияның оңтүстік-батысындағы Штутгарт соты 5 шілдеде Сабина Улрайк С. есімді әйелге үкім оқыды.

Сот материалдарына сәйкес, бұл әйел Сирияда 2013 жылдың соңы мен 2017 жылдың тамыз айы аралығында тұрған. Прокурорлардың сөзінше, Сирияға барғаннан кейін өзі жақсы танымайтын ИМ өкіліне тұрмыс құрған. Содырлар бақылауындағы аумақта тұрып, қару-жарақ қолдану бойынша арнайы жаттығудан өткен. 2017 жылы күрдтер жасағының қолына түскен. Германияға 2018 жылы сәуір айында оралған.

Azattyq