Геннадий Головкин ұлының суретін бөлісті

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин отбасымен Диснейлендке барып, суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Белгілі қазақстандық боасшы, IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде тұңғыш ұлының суретін бөлісті. Ол отбасымен АҚШ-тағы «Диснейлендке» барған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

6 наурыз күні GGG екі фото бөлісті. Олардың бірінде Головкин үлкен ұлы Вадиммен түскен.

«Отбасымен өткізген уақыт ең керемет», – деп жазды чемпион.

Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

Танымал қазақстандық боксшы отбасымен бірге түскен суреттерін желіге өте сирек салады. Геннадийдің әйелі Алина Головкина екені белгілі. Олар 2007 жылы Қарағандыда отбасын құрған. Қазіргі уақытта Лос-Анджелес қаласында тұрады. Екі баласы бар.



sputniknews.kz