Геннадий Головкин ұлды болды

0

Енді гүрзі жұдырықты спортшының үш баласы бар.

Әлемге әйгілі қазақстандық боксшы үшінші рет әке атанды, деп хабарлайды zakon.kz.

«Қазақстанның бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлды болуымен құттықтайды. Геннадийге және отбасына зор денсаулық, отбасына бақыт тілейміз», — делінген ҚБФ сайтында.

Головкиндер отбасы бұған дейін 2009 жылы туылған Вадим есімді ұл мен 2017 жылы дүниеге келген, бірақ әлі күнге дейін есімі жарияланбаған қызды тәрбиелеп отыр. Боксшының ұлы Лос-Анджелесте хоккеймен айналысады және спорттың осы түрімен жетістікке жететініне үміт арттырып отыр.

Геннадий мен Алина ұзақ уақыт бойы кездесіп жүріп, 2007 жылы отау құрған болатын. GGG-дің жұбайы өзін толығымен отбасына арнаған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/