Геннадий Головкин Риота Муратаға шапан тарту етті

0

Орта салмақта WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жапониялық Риота Муратаны (16-3, 13 КО) жеңгеннен кейін оған сыйлық берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Головкин жеңіске жеткен соң рингте Муратаға шапан тарту етті.

«Қарсыласыма құрметімді көрсетемін! Ол чемпион және солай болып қала береді», — деп жазды Головкин Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Головкин Муратаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңген — жапон боксшысы нокдаун алған кезде оның бұрышы рингке орамал тастаған еді.