Геннадий Головкин қанша жалақы алады – Ұлттық олимпиада комитеті жауап берді

0

Желіде Геннадий Головкиннің Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына қомақты жалақы алатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеме жасады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Геннадий Головкин президент қызметін ерікті түрде атқарады.

“Оның қызметі ақысыз. Ал мотивация қаржымен де, саяси мансаппен де байланысты емес. Ең алдымен, оның жұмысы қазақ спортына көмектесу. Сондай-ақ халықаралық спорт қауымдастығында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің беделін нығайту Геннадий Головкин қызметке кірісер алдын Ұлттық Олимпиада комитетіне мемлекеттік бюджеттен ақша сұрамайтынын айтты. Ұйым өз қызметін демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырады, оны тарту жұмысына Геннадий Головкин қатысады”, – деді комитет.

Биыл ақпан айының соңында әлемге әйгілі қазақ боксшысы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметінекіріскен еді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 1983 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Ол – орта және екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін кәсіпқой боксшы. Әуесқойлар санатында олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004), әлем чемпионы (2003). Кәсіпқойлар арасында IBF, WBA және IBO нұсқалары бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанған.

Бұған дейін Ұлттық олимпиада комитетінің президенттігіне боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылғаны хабарланған.