Геннадий Головкин келесі қарсыласын таңдады
Мексикалық боксшы Хайме Мунгияның промоутері (36-0, 29 КО) Фернандо Бельтран Fino Boxing-ке берген сұхбатында өзінің клиенті қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) қазірше кездескісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Бельтранның айтуынша, Головкин келесі жекпе-жегін WBA супер орта салмақтағы чемпионы жапон боксшысы Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жоспарлап отыр.
«Головкин жапондық спортшымен жекпе-жек өткізгісі келеді. Ия, ол чемпион, бұл да үлкен іс. Мен оның таңдауын құрметтеймін», — дейді Бельтран.
Еске сала кетейік, Мунгия мен оның командасы 24 сәуірде Головкинсіз жекпе-жек өткізуге шешім қабылдады. Осылайша, енді Геннадийге тағы бір қарсылас іздеу керек болады және ең ықтимал нұсқасның бірі ретінде Риота Муратаның ата аталады.