Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды

0

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бекет бақылаушысы тергеу-қамауға алынған Ж. Халықұлын таңғы сағат 7-де тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қабылданған шараларға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы механикалық асфиксия нәтижесінде қайтыс болғанын анықтады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылығы келді. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз іс-әрекеттер дерегі анықталған жоқ», — делінген хабарламада.

Қазір Облыстық департамент қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Еске салайық, мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстары Ішкі істер департаменттерін басқарған полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлын әшкерелеген болатын.

Жайлаубек Халықұлы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін алдау арқылы ақшалай қаражат пен мүлікті алды деген күдікке ілінген болатын.