Генерал-майор Нұржан Мұқанов қайтыс болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

74 0 0

Нұржан Мұқанов 52 жасында өмірден озды, қорғаныс министрлігінің басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстан Қарулы күштері әуе қорғанысы күштері бас штабының бастығы – бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Нұржан Мұқанов қайтыс болды.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, генерал-майор Нұржан Нұрланұлы Мұқанов 16 ақпанда өмірден өтті. Ол 52 жаста болған. 

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы генерал-майордың отбасына қайғырып, көңіл айтты.

«Өмірінің көп бөлігін әскери қызметке арнаған ол өзін дарынды басшы және өз ісінің кәсіби маманы ретінде көрсете білді. Табандылығы, кішіпейілдігі мен әділдігінің арқасында әріптестерінің арасында құрметке ие болды. Нұржан Мұқановтың еңбегі Қазақстан әскерінің тарихында мәңгі өшпейді», — делінген хабарламада.

Генерал-майордың неден қайтыс болғаны хабарланбаған. 

Нұржан Мұқанов 1968 жылы 15 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген.

1990 жылы Днепропетровск жоғары зениттік-ракеталық командалық әуе қорғанысы училищесін бітірді. 2000 жылы Жуков атындағы әуе шабуылына қарсы әскери қорғаныс академиясын тәмамдады.

2010 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері бас штабының әскери академиясын бітірді.

Тағы оқыңыз: Аты аңызға айналған актер өмірден озды

2011 жылы 16 ақпанда мемлекет басшысының өкімімен Қарулы күштер әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2014 жылы оған генерал-майор атағы берілді. 2016 жылы 23 желтоқсанда басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

2016 жылы 30 желтоқсанда қорғаныс министрінің бұйрығымен Бас штаб бастығы – Қарулы күштері әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.



sputniknews.kz