Гена мен Чебурашканың өзі күдікті көрінеді — Ермек Тұрсынов
Танымал режиссер Ермек Тұрсынов әлеуметтік желіде соңғы күндері дауға ұласқан мультфильм тақырыбына пікір білдірді.
Адамдар қызық…
Мен өз жұмысыммен жүріп, үнсіз қалсам “Сен неге айтпадың?” дейді, ал егер өз ойымды көпшілікке ашық жеткізсем “Сенің онда не шаруаң бар еді?” деп жағамнан алады.
Бұл жолы да көптің көкейіндегі тақырыпты жария еткенім үшін түрлі хабарламалармен тас атқылағандай төпеп тастады. Мен ойландым…
Мектеп кезіндегі әңгімелеріміз әлі есімде: Жер бетінде австралопитектер өмір сүрді. Олар — Құдайдың кішкентай бойлы, бас сүйектерінің көлемі небәрі 500 cантиметрді құрайтын жаратылысы. Алайда ешкімге зияны болмаған. Олар топтасып өмір сүріп, отты пайдаланбай, тіпті үй де салмады. Кейін оларды питекантроптар мен синантроптар алмастырды. Неандертальдардан кейін кромагнондар пайда болды. Олардың уақытында сөйлеу мәнері дамып, діннің және тіпті өнердің негіздері пайда болды, киім тікті, рулық қауымның құрамында өмір сүрді. Бір сөзбен айтқанда, барлық сыртқы белгілі бүгінгінің адамдарына ұқсас болды.
Мұны неменеге айтып отырмын дейтін шығарсыз?
Жақында бір мунафик мультикті көріп, бойы үрейге толып, нәтижесінде ол қорқынышын Мәдениет министрлігіне жеткізіпті. Ересек азаматтың қайдан және не себепті мультик көріп жүргеніне таңғалдым. Әрине, бұл менің шаруам емес. Біреу мультфильм, ал біреу порно көреді. Тағы бірі оның екеуін де қарайтын шығар. Ал кейбірі порно фильмдер былай тұрсын, балалар киносының өзінен қате тауып, жар салып, түймедей нәрсені түйедей етеді.
“Келін” фильмі үшін депутаттардың мені жерден алып, жерге салғаны есімде. Өз ойларынан құрастырып алған, бірақ менің туындымда жоқ эпизодтар үшін небір алып-қашпа әңгімелерді айтқан еді. Сонда Ширвинд есімді бір кісі:
— Неге сонша уайымдайсың? Тырнақ астынан кір іздеу керек болса, қолтырауын Гена мен Чебурашканың өзі күдікті боп көрінеді. Қолтырауынмен кім дос болады? Чебурашканың да түрі түсініксіз. Жыртқыш па? Жануар ма? Не өзі? Оны балаларға неге көрсетеміз?
Сонда олардың арасында да бір жыныстылардың махаббаты болған ба? Әрине ЛГБТ тобына кіретіндердің қатары артып келеді.
Мен басқа не айта аламын?
Швондерді ешкім жоя алмайды. Оның қызметі қорғау, тыйым салу, жою, орындаудан тұрады. Олар қазір барлық жерде өте белсенді, тіпті Үкіметке дейін жеткен.
Нәтижесінде не болуы мүмкін? Бір ғана нәрсе анық: егер біз ойланбасақ, егер біз шоумендердің проблемалары туралы мағынасыз пікірталастарды тоқтатпасақ және шынымен де маңызды нәрселерге назар аудармасақ, онда біз құрдымға кетеміз. Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай немесе Америка сияқты елдер әлдеқашан одан да үлкен мәселердің шешімін іздеп жатыр.
Мәселен, олардың мектептері білім сапасы бойынша әлемде үшінші, медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша тағы да үшінші орынды иеленеді. Әлемдегі нәрестелер өлімінің ең төменгі деңгейі бекітілген. Әскер күші мен тиімділігі бойынша әлемдегі бесінші орында.
Үкімет Жапония мен АҚШ-дангөрі ғылымға көп инвестиция салады.
Орташа жалақы айына 3000 долларды құрайды.
Орташа өмір сүру ұзақтығы-82 жыл.
Азаматтары әлемдегі ең бәсекеге қабілетті және білімді халықты құрайды.
Жоғары технологиялардың әлемдік үздік жеткізушісі.
Әрбір үшінші кеме осында шығарылады. Автомобильдер, смартфондар мен теледидарлар туралы айтпасақ та белгілі.
Оңтүстік Корея осының барлығына аз ғана уақытта қол жеткізді. Соғыс пен ашаршылыққа қарамастан, мұнай, газ және қымбат металдар болмаса да, ұлттық дәстүрлер мен тілді ұмытпай, өзінің және басқалардың өміріне деген құрмет көрсете отырып қол жеткізді.
Ал біз болмайтын мультфильмдерді әңгіме қылып жүрміз…\