«Гейлер тобында екенін біліп, үтікпен қинаған»: Шымкентте екі адам сотталды

0

Шымкентте бір топ жас жігіт достарының бірі «Гей Шымкент» тобында бар екенін біліп қойып, сол үшін оны азаптап қинаған, деп хабарлады Ulysmedia.kz порталы metrogazeta-ға сілтеме жасап.

Олар пәтердің бірін жалға алып, әлгі досын шақырып алып, азаптай бастаған. Оның арқасына ыстық үтік басып, аяқпен теуіп сабаған. Қорқытып, “педофилия жасадым” дегізіп, видеоға түсіріп, 500 мың теңге әкелуді талап еткен.

– Жәбірленуші талап еткен соманы тауып берем деп, сыртқа шығып кеткен соң полицияға жүгінген. Сот ұсталғандардың бұрын сотты болғанын есепке алып, ұсталғандардың ішіндегі ең “белсенді” екеуін төрт жарым және бес жарым жылға соттады, – делінген басылым жазбасында.

Қалған екеуі пробациялық бақылауға алынған.