«Газпром» Сәтқалиевтің Қазақстан үшін ресейлік газдың бағасы «арзан болады» деген сөзін жоққа шығарды

0

Ресейлік «Газпром» корпорациясы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің ресейлік газдың бағасы Қазақстан үшін арзан болады деген сөзін жоққа шығарды. Бұл жөнінде Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Бұқаралық ақпарат құралдары ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып таратқан, ресейлік газдың Қазақстан үшін бағасы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді”, – делінген жұма күні тараған мәлімдемеде.

Еске салайық, бұған дейін Сәтқалиевтің «Газпром» Қазақстанға «газды, Белоруссиядан әлдеқайда төмен бағамен» беріп жатқаны туралы ақпарат жарияланған еді.