Ғазизхан Шекербеков: Концертке шектеу қоймаса, тойды қысқартуға қарсы емеспін

0
2
Advertisement

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Ғазизхан Шекербеков той-томалақтарға екі жылға дейін тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Жас әншінің өзге әріптестеріне қарағанда бұл жағдайға байланысты ойы мүлдем басқа болып шықты. Ол тойларды қысқартуға еш қарсылығы жоқ екенін айтып, көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесі үшін концерттер анағұрлым маңыздырақ.

Ғазизхан Шекербеков әнші ретінде өзі үшін той-томалақтардан гөрі, концерттер маңыздырақ екенін жасырмай айтты. Ол өзге сахна жұлдыздары секілді тойды шектеуді ұсынғандарға ашулы емес. Керісінше, мұндай шараны қолдайтын көрінеді.

«Мына карантин барша жұмыс жасап жатқан қазақстандықтарға қалай әсер тигізсе, маған да солай әсер етті. Былтыр күзде музыканттармен алғаш рет концерт беріп, қалаларды аралай бастадық Енді оталып келе жатқанда, карантин болып қалды. Жұрт қандай қиындық көрсе, менде солардың қатарында бармын. Әжептәуір қиын. Дәрі-дәрмектерді табу оңай емес екен. Біраз, туысқанымызға әрең таптық.

Мен той мәселесіне әнші ретінде емес, халық ретінде қарайтын болсам, той-томалақтарды қысқартуға, ысырапшылдықтарды азайтуға қарсы емеспін негізінде. Ал енді әнші ретінде қарасам, егер концерттерге шектеу қоймайтын болса, концерттер бола беретін болса, тіптен жақсы болатын еді. Мен оны қолдаймын» , – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген тойларға екі жылға дейін тыйым салуды ұсынған Аружан Саинге шүйліккен болатын.

nur.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз