Ғажайып қалта (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті
№ технологиялық картасы
Топтың жас ерекшелігі: № 4 ΙΙ сәбилер тобы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ғажайып қалта» (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Мақсаты: Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру.
Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету (мысалы: ақырын сөйлеу).
Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты таза ұстауға тәрбиелеу.
Құрал – жабдық: (балалардың текшелермен ойын суреттері), үлестірмелі материал.
Сөздік жұмыс: доп, шар, қуыршақ, пойыз.
Қостілділік компонент: доп — мяч, шар — шар, қуыршақ — кукла, пойыз — поезд.
Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеберінде тұрып, бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Педагог балаларға өлең оқып береді.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын келді күн!
Қайырлы таң,
Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Педагог ғажайып қалтаның ішінен жұмсақ допты шығарып:
— Мынау не? Өзі домалақ, секіреді, тепсең қашады, ойынымызды қандырады.
Допты сипаттауға тапсырма береді.
— Ол неге ұқсайды?
Қуыршақ
Жуынбайды жуынсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
Тығылмайды тығылсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
1, 2, 3, 4, 5
Қуыршақтың тұсауын кес,
Қуыршағым қаз — қаз,
Қыдырайық аз — маз
Бұл не?
Қуыршақты сандықтан шығарып көрсету. Қуыршақты сипаттау, қайталау.
(Көйлегін, түсін, шашын, әдемілігін айтады).
Ғажайып қалтаның машина ойыншықты шығару.
— Мынау не?
— Кәне, машинаның түсі қандай?
— Балаларға тағыда текшелер не үшін қажет?(үлкен қорған құрастырмақшы).
— Ойыншық машина неден жасалған екен? (Ұстап көру, сезу ).
— Ол неге ұқсайды? (Текше, шар, қызыл, жасыл немесе автобус).
Қостілділік компонент: доп — мяч, шар — шар, қуыршақ — кукла, пойыз — поезд.
Сергіту сәті.
Бөп — бөп, пыш — пу…
Теміржолшы
Мен – ең күшті.
Абай болшы,
Менен күтші.
Жол ашып қой,
Кім бар? Пыш – ту!
Жер қашық қой!
Бөп — бөп – бөп! Бө — ге – ме!
(Ә. Табылды).
үлестірмелі материалдармен жұмыс.
«Байланысын тап!» дидактикалық ойыны.
Шарты: суреттегі заттарды бір — бірімен сәйкестендіреді.
Өткізген: Дюсембекова А. А.
Ғажайып қалта (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті. жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/