Газдалған сусын ішіп көз жұмды: Денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған хабарламаға жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Желіде «Тархун» мен «Ситро» газдалған сусындарын ішкеннен кейін қайтыс болған баланың өлімі туралы ақпарат тарай бастады. Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті таратқан ақпаратқа түсініктеме берді.

Газдалған сусын ішіп көз жұмды: Денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған хабарламаға жауап берді

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Комитет бұл хабардың жалған екенін хабарлады. Сондай-ақ осындай хабар бірнеше жыл бұрын да таралғанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы аймағы бойынша денсаулық сақтау басқарма басшыларының ресми деректеріне сәйкес, «Тархун» және «Ситро» сусынымен уланғаны туралы ақпарат, сондай-ақ басқа да энергетикалық сусындарды ішіп уланған адамдардың жағдайы тіркелмеген», — делінген хабарламада.

Бұдан басқа, ведомство таратылатын тізімде көрсетілген өнімдердің Кеден одағымен реттелетін барлық рұқсат құжаттары мен сертификаттарының бар екендігін атап өтті.

Алайда өнім қауіпсіз болғанына қарамастан комитет халықтың көңілін басу үшін аталған өнімдерді сараптамалық зерттеулерден өткізуге шешім қабылдады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz