Гауһар Әлімбековаға халық жинап берген 40 мың доллардың қайда жұмсалатыны белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Күні кеше «алаятық» бабы бойынша айыпталып, сотты болған әнші, сазгер Гауһар Әлімбекова ақталып шықты. Сотта оның кінәсі дәлелденбеді. Алайда бұл орайда көпшілікті бұған дейін жиналған 40 мың доллардың тағдыры қызықтырып отырғаны жасырын емес. Халықтан жиналған ақшаға қатысты пікір білдірген продюсер Ерғали Әбідрайымов қаржының қайда жұмсалатынын айтты.

Гауһар Әлімбековаға халық жинап берген 40 мың доллардың қайда жұмсалатыны белгілі болды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін әншілер халықтан қаржы жинап, Бақыт Назароваға ұстатпақ болған еді. Тек әншінің өзі Назаровадан ақша алмағанын айтып, бергізбей қойған. Енді халықты көптің қалтасынан жырып алынған 8 миллион теңге қаражаттың тағдыры қызықтырып отыр. Әншілер оны қайырымдылыққа не садақаға жұмсаймыз, дейді. 

«Алдымызда ораза айы келе жатыр. Үлкен мешітте ауызашар берерміз. Шынымен ақшаға зәру адамдар бар. Жетімдер, жесірлер. Соларға бөлеміз деп ниеттеніп, шешім қабылдап қойғанбыз», — дейді продюсер Ерғали Әбідрайымов. 

Бөлмеуден басқа шара жоқ, дейді продюсер. Өйткені судья Әлімбековаға 40 мың долларды қайтаруды міндеттемеді. Өзі де үш пәтер аламын деп жәбірленген, дейді. 

Судья алты жыл кескен әріптестерінің әншіге таққан бірде бір кінәсі дәлелденбегенін жеткізді. Тағы Гауһар жүйкесін жұқартқан сот үшін қаржы өндіре алатынын да ескертті. Бірақ адвокат Құспанов әншінің ешкімге өкпесі жоқ екенін айтты. 

Еске сала кетсек, күні кеше Гауһар Әлімбекова ақталып шықты. Ал оны айыптаған Бақыт Назарова соттың әділетсіз өткенін айтты

stan.kz