Ғасырлық тарихы бар аттестат

0

Отбасылық мұрағатымызда атамыз Сатпай Ай­талиевтың туған ағасы, кеңес дәуіріндегі қазақтың тұңғыш генералы Шәкір Жек­сенбаевтың 1917 жылғы аттестаты сақтаулы. Ол патша дәуірінде, яғни 1912-1917 жылдары Жәңгір хан ашқан мектепті 1917 жылдың 9 маусымында №217 аттестатпен аяқтаған. Осы мектеп шаңырағында Шәкір атамыз өлкемізге кеңінен танымал Хамит Чурин, Хусаин Ищанов, Нұрсұлтан Бекетов сияқты шәкірттермен бірге тәлім алған.

­­­Осы аттестатты мұ­қият қарас­тырсақ, сол дәуірде біздің аталарымызды, қала берді өлкеміз Орданы қалай атағанын құжаттың бірінші бетінен көруге бо­лады, ал екінші бе­тінде бұл аттестаттың қол­да­ну аясын, аттестат иесінің құқықтары мен мүмкіндіктері баяндалады.

Сол дәуірдегі уақыт мезгілінің белгіленуі де назар аударарлық – «Период жребьеметанья».

Бұл аттестатты­ қа­­­­­­зір­гі 8-9 сынып деңгейінде, тіпті орташа білім ре­тінде де қолдануға болады десек, онда нақ­ты қа­же­ттілікке сай, ар­тық жал­­пылама пән­­дердің жоқ екенін кө­реміз. Алғаш рет қа­зақ топырағында, яғ­ни Бө­кей Ордасында, дү­ниетанымдық пәндер оқытыла бастағанын кө­реміз. Яғни, Орыс тілі (Востоков, «Краткая рус­­­­ская грамматика»; Есеп (Бунян­ковский, Ариф­метика); Жағрафия (Шуль­­гин, «География часть», 1-2); Тарих (Уст­рялов, «Русская ис­то­­рия часть», 1-2); Ислам ді­ни са­бағы т.б.

Алдағы уақытта атал­ған құ­жаттың түп­нұс­қа­сын әс­кери жоғары оқу орнына тапсыруды жос­парлап отырмыз.

 

Шәкір АЙТАЛИЕВ,

Қазан федералдық университетінің аспиранты

Ресей Федерациясы

Дереккөз: http://egemen.kz/