«Ғасыр адамы» қайтыс болды
АҚШ-тың 41 президенті 95 жастағы Джордж Буш 30 қарашада қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Экс-президент туралы қаралы хабарды Ақ үйдің баспасөз хатшысы Twitter парақшасы арқылы естіртті.
Statement by the Office of George H. W. Bush on the passing of the 41st President of the United States of America this evening at 10:10pm CT at the age of 94. pic.twitter.com/XUPgha2aUW
— Jim McGrath (@jgm41) 1 декабря 2018 г.
Экс-президент өлімінің нақты себебі белгісіз. Бірақ 2012 жылдан бастап Джордж Буш Паркинсон дертіне шалдыққан.
«Вашингтон пост» басылымы америкалық лидердің қатаң саясаткер екенін, халықты күресуге мәжбүр еткенін жазған. Алайда басылымның мәліметіне сүйенсек, Джордж Буш негізгі жетістіктеріне келіссөз кезінде қол жеткізген. Соңында басылым Бушты ғасыр адамына теңеді.
Айта кетсек, Джордж Буш 1989-1993 жылдар аралығында президент қызметін атқарған.