Ғарышкер Алексей Леонов қайтыс болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Әлемде алғаш рет ашық ғарышқа шыққан Алексей Леонов сексен бес жасында Бурденко атындағы госпитальде көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Кеңес ғарышкері Алексей Леонов 86 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Ғарышкерлерді даярлау орталығының баспасөз қызметі.

«Алексей Леонов Бурденко атындағы госпитальде Мәскеу уақытымен сағат 12.40-та 85 жасында дүниеден озды», – делінген Ғарышкерлерді даярлау орталығының хабарламасында.


©
Sputnik /

Ғарышкер Алексей Леонов Ғарышкерлерді даярлау орталығындағы жаттығу кезінде герметикалық қолғап киіп жатыр

Алексей Архипович Леонов 1934 жылы 30 мамырда дүниеге келді. № 11 кеңес ғарышкері, екі мәрте Кеңес Одағының батыры және ашық ғарышқа шыққан алғашқы адам.

Ашық ғарышқа бірінші болып шықты

1960 жылы ол кеңес ғарышкерлерінің алғашқы отрядына қабылданды. 1965 жылдың 18-19 наурызында Павел Беляевпен бірге «Восход-2» ғарыш кемесінде екінші ұшқыш ретінде ғарышқа ұшты.

Ұшу кезінде ол ерекше батылдық танытып, ғарыш тарихында алғаш рет ашық ғарышқа шықты.

Сәтті ұшып, батылдық танытқаны үшін подполковник Леонов Алексей Архиповичке 1965 жылдың 23 наурызында Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі табысталып,  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1975 жылдың 15-21 шілдесінде «ЭПАС» бағдарламасы бойынша «Союз-19» ғарыш кемесінің командирі ретінде екінші рет ғарышқа ұшты.

Ұшу ұзақтығы – 5 күн 22 сағат 30 минут 51 секунд.

Сол кезде әлемде алғаш рет әртүрлі екі елдің кемелерін тоғыстыру жүзеге асырылды.

Жалпы алғанда, ол 7 күн 32 минут ғарышта болды, бір рет ашық ғарышқа 16 минутқа шықты.

Леоновтың мерейтойына арналған Нұр-Сұлтандағы фотокөрме

2019 жылдың маусым айында Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы «Алексей Леонов: Ғаламда 12 минут» атты фотоқұжат көрмесін өткізді.

Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұсынған фотосуреттерде Алексей Леонов пен оның серіктесі Павел Беляевтің ұшу алдындағы жаттығу сәттері және тағы басқа оқиғалар бейнеленген.

Көрмені Мәскеудің Космонавтика мемориалдық мұражайы ұсынды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз