Гаражда өмір сүріп жатқан жалғызбасты ана жанайқайын жеткізді — новости Казахстана

0

Алматы облысында жалғыз басты ана Татьяна Патанинаның үйі өртеніп кеткеннен бері балаларымен гаражда өмір сүріп жүргеніне бір жылдан асыпты. Әйел адамның сөзінше, олардың үйлерінің өртенуіне көршісі себепкер болған деп хабарлайды КТК арнасы.

видеодан скриншот

Фото:видеодан скриншот

Жалғыз басты ана балаларымен бірге гаражда өмір сүруге мәжбүр. Себебі үй алуға қаражаттары жоқ.

«Өрт көршінің үйінде басталған. Түнгі үште қызым оянды. Үйдің жоғарғы қабаты түгел өртеніп кетті. Ал төменгі қабат өмір сүруге жарамсыз, толығымен шіріп кеткен», — деді Татьяна.

Екі қабатты қамыс қаңқалы үйінен тек күйген қабырғалар мен су болған жиһаз ғана қалған. Үй көзді ашып-жұмғанша өртеніп кеткен. Әйел адамның өртке көршісі себепкер болғанын дәлелдей алмай жүргеніне бір жылдан асыпты.

«Өрт пештен басталған. Бірақ көршім ол пешті бір аптадан кейін-ақ бұзып тастады. Біз ұйықтап жатқан киімімізбен далаға шығып кеттік. Аяғымызда резеңке аяқ киім болды. Қыздарыма суық тиіп қалды. Содан бері үлкенімнің бүйрегінде ірің бар. Ортаншы қызымның кеңірдегі түтіннен күйіп қалған», — деп көз жасына ерік берді жалғызбасты ана.

Олар өртті видеоға түсіріп үлгеріпті. Видео кадрларынан қалың түтіннің шатыр астынан шығып, сосын лапылдаған отқа айналғанын көруге болады. Өртті бүкіл ауыл болып сөндірген.

«Біз оянған кезде құтқаратын ештеңе қалмады. Адамдар өртті сөндіруге тырысты. Бірақ жалын күшті болды. Екі үй де қамыстан соғылған еді. Бір жыл өтсе де, бұл оқиға әлі есімізден кетпейді», — деді көршісі Ақмарал Нүсіпбай.

Өрттен кейін әйел адам гараждарын уақытша тұратын үй етіп жөндеп, үш баласымен сонда тұрып жатыр. Кенже баласы тоғыз жаста екен. Тапқан табысы азық-түлік пен несие жабуға ғана жетеді екен. Ол несиені Татьяна үйді аяқтау үшін алған.

Сотқа шағымданымен, іс орнынан қозғалмай тұр екен.

«Олар өздеріне екінші адвокат жалдады. Олар менің кемшіліктерімді іздеп жүр. Сот үнемі кейінге қалдырылады. Міне, желтоқсан айы болды, еш нәтиже жоқ», — деді күйінген ана.

Дереккөз: КТК арнасы


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар