«Гарант 24 Ломбард» директоры: Кешірім сұрауға мәжбүрледі! — Қазақстан жаңалықтары
“Гарант 24 Ломбард” ЖШС-ның негізін қалаушы Аслан Мырзабеков телефон арқылы Арман есімді криминалды авторитеттің тарапынан тергеуге түскен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде «Гарант 24 Ломбард» директорының қылмыстық топ мүшесімен әңгімесі қызу талқыланып жатыр.
Таралған видеода Аслан Мырзабеков өзін телефонмен тергеуге алған адамға ақталып, бар былықты «Жанболат деген жігіт істеді» деп айтады.
Видеода ол «Халықтың ақшасын қайда жібердің?» деген сұраққа «Бар ақша Жанболатта, Мен ол ақшаны тіпті көрмедім» деп жауап береді.
«Өтірік айтсаң, қол-аяғыңды сыныдарам, халықтан кешірім сұра» деген ер адамның бұйрығын Аслан Мырзабеков бұлжытпай орындады. Көп өтпей, өзінің елден кешірім сұраған видеосы жарияланды.
Әзірге құзырлы органдар видеоға қатысты пікір білдірген жоқ.
— О баста бұл фирма Жанболат Темірұлы деген азаматтың қолдауымен ашылды. Соған ақша табуға ұсыныс жасады. Бірақ қандай жұмыс болатынын айтпады. Мен қаржыдан қысылған соң келістім. Компания екі жылдай жұмыс істейді, «бәрі жақсы болады» деген. Кейін бәрін білгенде, кеш болды. Осылай істегеніме сіздерден кешірім сұраймын!,-дейді Аслан Мырзабеков.
https://www.youtube.com/watch?v=XYnp6oHsSHw
Айта кетейік, бірер күн бұрын «Гарант 24 Ломбардтың» директоры Молдовада ұсталған.
stan.kz