Ғани Бейсембаев АЭС салу бойынша ата-аналар жиналысын ұйымдастырғандарға пікір білдірді

0

Білім министрі Ғани Бейсембаев ата-аналарды атом электр станциясы мәселесі бойынша мектепке шақырудың дұрыс емесін жеткізді.

«Мектептің өз функциялары бар. Мектеп өз қызметімен сол құзыреттер шеңберінде айналысуы керек. Сондықтан бұл жерде қандай да бір түсініспеушілік болуы мүмкін», — деді Бейсембаев ҚазТАГ журналисінің мектептің ата-аналарды алдағы референдум тақырыбындағы жиналыстарға шақыруға құқығы бар ма деген сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін Алматыдағы мектепте оқитын балалардың ата-аналары жиналысқа шақырылған болатын.

«Қайырлы таң, ата-аналар! Ертең сағат 11.00-де жиналыс. Әр сыныптан үш ата-ана қатысуы керек. Кім келе алады? Мұндай бар ма? Жеделдету керек. Сұрап жатыр», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша алдағы референдум тақырыбына ата-аналар жиналысы болатыны анықталған еді.