Галышева параллельді могулда кіші финалдан бас тартты

0

Жексенбі күні Жапонияның Тадзавако қаласында әлем кубогы аясында параллельді могулдан жарыс өтті. Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева кіші финалға қатысудан бас тартып, төртінші орынға ие болған. Бұл ақпаратты Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Жартылай финалда ол француз спортшысы Перрин Лаффонмен кездесіп жеңілген.

— Юлияның жағдайы жақсы. Ол жарақат алған жоқ. Біз төрешілер шешімімен келіспедік. Сондықтан Юлияның өзі кіші финалға қатысудан бас тартты, — деді бас бапкері Елена Круглыхина.

Жарыста алтын медальды француз спортшысы Перрин Лаффон жеңіп алған. АҚШ-тан келген Джейлин Кауф — екінші, ал австралиялық спортшы Энтони Джакара үшінші орын иеленген.

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева ақпан айының басында АҚШ-тың Юта штатында өткен әлем чемпионатында могул жаттығуы бойынша алтын жүлде алған еді.

Галышева — 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы олимпиадада қола медаль алған. 2011 және 2017 жылғы қысқы Азия ойындарының чемпионы.

Наурыздың 2-3 күндері фристайл-могулдан әлем кубогының финалдық кезеңі тұңғыш рет Алматыда өтеді.

Азаттық