Ғалымдарды аса қауіпті бактериялар шошытып отыр

0
51

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ғалымдар суда жүретін бактериялар көбейіп кеткенін айтып, дабыл қақты

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Климатың өзгеруі мен жаһандық жылыну салдарынан әлемде суда жүретін үш қауіпті бактерия кеңінен тарала бастады, деп хабарлайды Medicalxpress.

Адамды іштен жейтін бактерия

Микробиологтардың айтуынша, қауіпті бактериялардың бірі – Vibrio vulnificus. Бұл тірі ағза жылы әрі тұзды суда көп жүреді. Әсіресе, Африка құрлығында жиі кездеседі. Дегенмен, биыл жазда ол АҚШ-қа жақын Мексика шығанағынан да табылды.

«Осы бактериялар адам ағзасына түскен бойда жылдам көбейе бастайды. Былайша айтқанда, адамды іштен жейді. Содан гангрена мен септицемия сияқты аурулар шығады», – дейді мамандар.

Зомби-бактериялар

Ал Naegleria fowleri деген бактерия адамның миын зақымдайды. Аталған паразит амебалық менингоэнцефалитті туғызады.

Микробиологтардың сөзіне қарғанда, Naegleria fowleri мұрын арқылы миға өтеді. Әсіресе, тұщы су қоймаларында шомылғаннан кейін ондай бактериялар адам ағзасына тез түседі. Алайда оны құбыр суы арқылы жұқтырған адамдар да бар.

Тағы оқыңыз: Суға шомылуға барған ер адамды бактериялар «жеп қойды»

Бүгінде Naegleria fowleri туғызатын ауруға қарсы медициналық препараттар бар. Дегенмен, амебалық энцефалит көп жағдайда адам өліміне себеп болып жатады. Ал асқазанға түскен «зомби-бактериялар» қорытылып кетеді.

Адамды «алдайтын» бактериялар

Суда жүретін аса қауіпті бактериялардың тізіміне Cryptosporidium де кіреді. Аталған бактерия хлорланған суда да өлмейді. Ал адам ағзасына түскенде оны бірден анықтау қиын. Көбісі тамақтан уландым деп ойлайды да, асқазанның бұзылуына қарсы дәрілерді ішеді.

Негізі, адамның организмі Cryptosporidium-ға қарсы тұра алады. Алайда иммунитеті төмен балалар мен қариялардың өміріне қауіп төндіруі әбден мүмкін.



sputniknews.kz