Home Жаңалықтар Ғалымдар Жердің «өмірлік функциялары» нашарлағанын жариялады

Ғалымдар Жердің «өмірлік функциялары» нашарлағанын жариялады

0
456

Орегон университетінің ғалымдары климаттың сөзсіз өзгеруі туралы айтып, Жердің «өмірлік функциялары» нашарлағанын ескертті. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, зерттеушілер орманның жойылуы, мұздықтардың қалыңдығы мен парниктік газдар шығарындылары туралы деректерді зерттеді, деп хабарлайды KzNews.

Планетаның 31 маңызды функциясының 18-і рекордтық деңгейге дейін нашарлады. Жерді шамадан тыс пайдалану дағдарысқа әкелді деді мамандар. Зерттеушілер климатқа байланысты табиғи апаттардың «бұрын-соңды болмаған өсуі» туралы хабарлады.

Коронавирустық пандемияға байланысты ластанудың төмендеуінің өзінде 2021 жылы Жер атмосферасындағы көмірқышқыл газы мен метанның деңгейі рекордтық деңгейге жетті. Сонымен қатар, Гренландия мен Антарктидада мұз массасының рекордтық төмен деңгейі тіркелді, ал мұздықтардың еру жылдамдығы 15 жылда 31 %-ға өсті.

Ғалымдардың айтуынша, ғаламшар бетбұрыс кезеңінде. Сондықтан олар қазба отынынан бас тартуға, сондай-ақ атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының деңгейін төмендетуге шақырды.

Зерттеушілердің пікірінше, адамдар экожүйені қалпына келтіруді бастауы керек, өсімдікке негізделген диетаға көшіп, халықты тұрақтандыруы керек. Ғалымдар климаттың өзгеруі мәселелерін бүкіл әлем бойынша мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты