Ғалымдар түс көруге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Адам түс көрген кезде мидың белдеме қатпары мен орталық бөлігі белсенді бола түсетіні анықталды. Зерттеуге адамдардың екі тобы қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан — Sputnik. Женева университетінің ғалымдары қорқынышты түс көру ояу болғанда күйзеліспен күресуге көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Human Brain Mapping.

Бірінші зерттеу кезінде 18 адамның ұйқы кезіндегі миының белсенділігі зерттелді. Адамдардың әрқайсысын мамандар бірнеше рет оятып, қорқынышты түс көрген-көрмегенін білді.

Адам түс көрген кезде мидың белдеме қатпары мен орталық бөлігі белсенді бола түсетіні анықталды.

Тағы оқыңыз: Желіде қорқынышты түсін айтып берген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Екінші зерттеуге 89 адам қатысты. Қорқынышты түсті жиі көретіндердің миыныің бұл бөліктері ояу болған кезінде белсенділігі төмендейді екен.

Ғалымдар қорқынышты түс көру өмірдегі қиын жағдайларды жоюға көмектесетінін анықтап отыр.



sputniknews.kz